2023 жылғы 8-9 маусымда өткен Астана Халықаралық форумы аясында Coursera компаниясының бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальданың Қазақстанға сапары өтті. Американдық білім беру платформасының басшысы “Білім: әлеуметтік-экономикалық өсудің қозғаушы күші” атты сессияда сөз сөйлеп, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың, сондай-ақ жеке сектордың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.
Джефф Маджонкальда сондай-ақ “Coursera – қазақ тілінде”жобасына қатысатын 25 өңірлік жоғары оқу орындарының ректорларымен, проректорларымен және студенттерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар өңірлердегі жоғары оқу орындарының академиялық әлеуетін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске асырудың алғашқы нәтижелерін үлкен қызығушылықпен талқылады.