Сайттың осы бөлімінде платформаны пайдалану тиімділігі туралы кең аналитикалық ақпарат берілген. Есептер мен бақылау тақталарында келесі негізгі параметрлері бойынша мәліметтер бар:
• Пайдаланушы лицензияларын пайдалану тиімділігі (саны)
• Пайдаланушы лицензияларын пайдалану тиімділігі (пайыз)
• Танымал курстар мен оқыту тілдері
• Мамандандыру
• Академиялық адалдық контекстіндегі курс материалымен өзара әрекеттесу (content engagement)
• Платформада белсенді емес пайдаланушыларды талдау (қосылмаған, курстарға тіркелмеген, бірде-бір модульді аяқтамаған қолданушылардың аты-жөні бойынша тізімі)
Аналитика .CSV файлдарын түсіру негізінде қалыптасады. Деректер сұрау күні түсіріледі. Бірақ жүктелетін деректерді жаңартуда (.CSV файлдары) кідіріс болуы мүмкін (24-тен 48 сағатқа дейін). Қажет болса, әр студент үшін өзекті деректерді Coursera admin платформасында тексеруге болады.
Егер сіз пайдаланушының деректерін (аты-жөні, электрондық адрес) оқушыларды басқару бөлімінде “жылдам іздеуге” енгізсеңіз, онда сіз студенттің соңғы әрекетін, аяқталған курстардың санын және т.б. көре аласыз. Сонымен қатар, пайдаланушылар туралы қосымша мәліметтер беру арқылы (жынысы, жасы, бөлімі, мақсаты және т.б.) сіз қосымша параметрлер бойынша талдау ала аласыз. Мысалдар “Қолдау” бөліміндегі “Ұйымға арналған кіріспе презентация” құжатында көрсетілген.
Жобалар бойынша аналитиканы көру үшін жүйеге кіруді сұраймыз
This content is restricted!
This content is restricted!