Платформаға қалай қосылуға болатынын және оқуды қалай бастау керектігін сілтемеге өтіп қараңыз
Маңызды:
Құрметті пайдаланушы, айтылған нұсқаулықты ұстанбай жеке аккаунтыңызбен кіріп, сертификат алған жағдайда, Coursera сізден сертификаттың құнын ұстап қалу қаупі бар. Бұл ақшаны, қайтару ықтималдығы аз. Сол себептен , өз ұйымыңыз арқылы оқу маңызды.
«Тіркелу» бойынша қысқаша нұсқаулар келесі сілтемеде: https://youtu.be/GnaJDEiHagc
1) Coursera-дан жіберілген шақырту Спамға түскен болуы мүмкін. Басқа да папкаларды тексеріңіз.
2) Егер хат табылмаса, coursera.org сайтына өтіп, «Войти» түймесін басыңыз. «Зарегистрироваться» дегенді таңдайсыз. Ең бастысы, тіркелу кезінде бекітілген тізімде көрсетілген электрондық поштаны қолдану керек. Университетіңіздің атауы басты бетте көрсетілген болса, курстар сіз үшін тегін болады.
3) Электронды поштаңызға шақыру хатының келмеуінің басты екі себебі: (1) Тым көп хабарландырулар болуының себебінен поштаныңыздың жады толып қалған болуы мүмкін) (2) Электрондық поштаңызда қателік бар (басқа почта көрсетілген,
пошта сіздің ұйымыңыздың бекітілген тізімінде жарияланбаған; поштаның жазылуында қателік бар; т.б.)
Келесі сілтемеге өтіп, құпия сөзді қалай қалпына келтіруге болатынын қарап шығыңыз: https://youtu.be/0q1s4SbR6Xg
1) «Coursera.org» сайтына кіріп, «Войти» жазуын басыңыз. «Забыли пароль?» деген жазуды басыңыз, және электрондық поштаңызды көрсетіп, «Сбросить пароль» дегенді таңдаңыз.
2) Құпия сөзді қалпына келтіргеннен кейін электрондық поштаңызға хабарлама жіберіледі, оны ашқан кезде сілтеме түрінде «Нажмите сюда» немесе «Please click here» деп көрсетіледі.
3) Құпия сөзді қалпына келтіргеннен кейін электрондық поштаңызға хабарлама жіберіледі, оны ашқан кезде сілтеме түрінде « Нажмите сюда » немесе «Please click here» деп ашылады. «Нажмите сюда» дегенді бассаңыз, сіз автоматты түрде платформаға өтіп, құпия сөзіңізді өзгерте аласыз.
Лицензиялар бойынша тегін оқу үшін ұйымыңыз бекіткен электрондық поштаны көрсетуіңіз керек
1) «Coursera.org» сайтына кіріңіз
2) Жоғарғы оң жақ бұрыштағы аты–жөніңіз көрсетілген жерге басыңыз
3) «Баптау» дегенді басыңыз
4) Электрондық поштаңызды тексеріңіз.
Маңызды:
Құрметті пайдаланушы, айтылған нұсқаулықты ұстанбай жеке аккаунтыңызбен кіріп, сертификат алған жағдайда, Coursera сізден сертификаттың құнын ұстап қалу қаупі бар. Бұл ақшаны, қайтару ықтималдығы аз. Сол себептен , өз ұйымыңыз арқылы оқу маңызды.
Электрондық поштаңыздағы сілтеме жарамсыз болып қалуы мүмкін.
1) «Coursera.org» сайтына кіріңіз
2) Логин мен құпия сөзді (парольді) жазыңыз
3) Сондай-ақ «Play Market» немесе «AppStore» дүкендерінен Coursera қосымшасын орнату арқылы мобильді құрылғыларда оқуға болады.
Курсты сәтті аяқтағаннан кейін сізге электрондық пошта арқылы сертификат жіберіледі. Сондай-ақ, сіз өзіңіздің сертификаттарыңызды платформаның басты бетіндегі «Менің үйренуім» -> «Аяқталды» бөлімінен таба аласыз.
Сонымен қатар, ұйымыңыз берген лицензиялар бойынша рұқсаттың тоқтатылуына қарамастан, сертификат Coursera серверінде шексіз сақталады. Бұл жағдайда сіз «Coursera Курстардың бәрі» бөлімі арқылы кіргеніңізге көз жеткізуіңіз керек.
Берілген нұсқауларға сәйкес сертификатыңызды таба алмасаңыз, бұл курсты аяқтамағаныңызға байланысты сертификат алмағаныңызды білдіреді. Сіз «Өзара бағалауы» бар курстан өтіп басқа пайдаланушылар сізді әлі бағаламаған болар. Толығырақ жауапты төменде «Өзара бағалау» бойынша сұраққа жауаптан таба аласыз.
Келесі сілтемеге өтіп, сертификатқа аты-жөніңізді қалай өзгертуге болатынын немесе қалай қосуға болатынын қараңыз: https://youtu.be/Ma35ehjzLwE
Сертификат алу үшін аты-жөніңізді растау қажет. Соның ішінде кейбір курстар бойынша жеке куәлікті жүктеп салу арқылы аты-жөніңізді растауыңыз қажет.
1) «Coursera.org» сайтына кіріңіз
2) Жоғарғы оң жақ бұрышта көрсетілген аты-жөніңіздің үстіне басыңыз
3) Берілген тізімнен баптауды таңдаңыз
4) «Менің атымды растау» немесе «Аты-жөніңізді өзгертуді сұратыңыз» деген жазуды басыңыз
5) Өтінішті толтырып «Жіберу» түймесін басыңыз.
«Өзара бағалау» модулінде өзге қолданушылар сіздің жұмысызға ұпай береді. Сондай-ақ сіз де басқа студенттердің жұмысын бағалауыңыз керек. Егер 1 апта ішінде сізге баға қойылмаса, Coursera қолдау қызметіне жазуыңыз қажет.
Келесі сілтемеге өтіп, Coursera платформасында қолдау қызметіне қалай хат жазу керектігін қараңыз: https://youtu.be/dGy_J5z3rac
Қолдау қызметіне ағылшын тілінде жазған дұрыс.
1) «Coursera.org» сайтына кіріңіз
2) Жоғарғы оң жақ бұрыштағы аты-жөніңіздің үстіне басыңыз
3) «Үйренушілерге көмек көрсету» дегенді таңдаңыз
4) Іздеуде «How to contact Coursera» деп жазыңыз (https://www.coursera.support/s/article/360036160591-How-to-contact-Coursera?language=en_US)
5) Төменге жылжып, «Email»» бөлімін табыңыз
6) «Fill out our contact from» дегенді басыңыз.
Иә, сіздің деректеріңіз сақталады және сіз әрі қарай оқи аласыз.
1) Платформаға кіріңіз
2) Курсты таңдап, жүйеге кіріңіз
3) Жоғарғы оң жақта «мерзімдерімді қалпына келтіру» дегенді басыңыз.
Мерзімдерді қалпына келтіргеннен кейін деректеріңіз сақталады.
Келесі сілтемеге өтіп, Курстан қалай шығып кетуге болатынын қараңыз: https://youtu.be/pb2L0TrWjsc
Тіркелгеннен кейін екі апта ішінде курстан бас тартуға болады. 14 күннен кейін пайдаланушы жазылымнан бас тарта алмайды. Платформада ұйым сатып алған лицензиялар аясында өтуге болатын курстар санына техникалық тұрғыдан ешқандай шектеулер жоқ.
1) «Coursera.org» сайтына кіріңіз
2) Негізгі бетте көрсетілген «Менің үйренуім» бөліміне өтіңіз
3) Курсты таңдаңыз және оң жақ бұрыш жағындағы 3 нүктеге басыңыз
4) Содан кейін «Курсқа жазылудан бас тарту» дегенді басып курстан шыға аласыз.
Платформада өзіңізге ыңғайлы тілді таңдап, оқуды бастай аласыз. Платформадағы тіл интерфейсі мәтіндік материалды аударады. Бұл ретте 4 мыңнан астам курс бойынша бейнематериалдарды қазақ немесе орыс тілдеріндегі субтитрмен көруге болады.
Интерфейстегі тілді таңдаудың қысқаша нұсқаулығы келесі сілтемеде көрсетілген: https://youtu.be/TcI766oRDUQ
1) «Coursera.org» сайтына кіріңіз
2) Интерфейс тілін таңдау үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы ашылмалы тізімді басыңыз
3) Өзіңізге қолайлы тілді таңдаңыз
НЕМЕСЕ
Қолжетімді машиналық аударма құралдарын пайдаланыңыз. Мысалы, тегін құралдардың бірі – Яндекс браузері. Бұл браузер мысал ретінде берілген. Браузерге BMG UpSkill демеушілік етпейді және Яндекс браузерімен байланысты емес.
Яндекс браузері өзінде кірістірілген аударма құралы арқылы бейне файлдарды ағылшын тілінен қазақ немесе орыс тілдеріне аударады, сонымен қатар бейне файлдарды да оқиды.
Яндекс браузерін жүктеп алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://browser.yandex.ru/com/
Яндекс браузерін жүктеуге арналған қысқаша нұсқаулық келесі сілтемеде көрсетілген: https://youtu.be/pgbE28x0SjE
1) «Coursera.org» сайтына кіріңіз
2) Курстың ішіндегі керекті видеоны таңдаңыз
3) Жоғарғы жақтағы 3 нүктені басыңыз
4) «Перевод видео» блогында өзіңізге қолайлы тілді таңдаңыз
Екі факторлы аутентификация мәселесі бойынша видео – нұсқаулық: https://youtu.be/CPlA4ITC8-8
Екі факторлы аутентификацияны қосу жөніндегі нұсқаулық:
- Басты бет –> Профиль белгішесі –> Баптау.
- «Екі факторлы аутентификация қосу қажет пе?» батырмасын басу керек.
- Coursera аккаунтыңыздың құпия сөзін енгізіңіз.
- QR коды бар терезе көрсетіледі. Оны Google Authenticator сияқты аутентификация қолданбасы арқылы сканерлеңіз:
- Google Authenticator бағдарламасын Play Market / App Store сервисінен ұялы телефоныңызға жүктеп, тіркеліңіз.
- Алты (6) таңбалы кодты алу үшін QR кодты сканерлеңіз.
- Екі фактор кодын еңгізіп «Кодты растау» батырмасын басыңыз.
Екі факторлы аутентификацияны өшіру жөніндегі нұсқаулық:
- Coursera профильіне өтіңіз.
- Баптауға өтіп, «Екі факторлы аутентификацияны ажыратыңыз» батырмасын басу керек.
- Ажыратуды растау үшін құпия сөзді енгізіңіз.
Егер сізде екі факторлы аутентификация қосылып, бірақ Coursera платформасына кіре алмасаңыз:
- Браузерге «How to contact Coursera» (https://www.coursera.support/s/article/360036160591-How-to-contact-Coursera?language=en_US) сілтемесін көшіріп жазыңыз.
- Төменге түсіп, «Email » бөлімін табыңыз.
- «Fill out our contact from» cілтемесін басыңыз.
- Нысанды ағылшын тілінде толтырып, жіберу керек.
Төменде нысанды толтыру үлгісі көрсетілген, бірақ ақпаратты өзіңізге бейімдеу қажет:
Coursera мобильді қосымшасын қалай пайдалануға болатыңдығын бейне арқылы сілтемеге өтіп қараңыз
Тіркелгіге кіру:
Құрылғыда Coursera қолданбасын ашыңыз.
Төменгі оң жақ бұрыштағы Профильді басыңыз.
белгісімен көрсетілген Баптауды басыңыз. (жоғарғы оң жақ бұрыш)
Электрондық пошта арқылы кіруді таңдап, тіркелгенде көрсетілген поштаңызбен құпия сөзіңізді еңгізіңіз.
Қолданбаны Зерттеу:
Сол жақ төмен бұрышта “Зерттеу” – ге өтіп, қолданбаның басты бетін ашыңыз.
Мұнда міндетті түрде жоғарғы сол жақ бұрышта көрсетілген “Каталогты Ауыстыру” түймесін басу арқылы өз бағдарламаңыздың атауын таңдаңыз.
Курсты таңдау және тіркеу:
Ұсынылған курстарды қарап шығыңыз немесе сізді қызықтыратын курсты табу үшін “Іздеу”-ді пайдаланыңыз.
Ол туралы көбірек білу үшін курсты басыңыз.
Тіркелуге дайын болсаңыз, Тіркеу опцияларын қараңыз -> Тіркеліңіз түймесін басыңыз.
Бейнені жүктеу және офлайн оқыту:
Coursera қосымшасында сіз бейне сабақтарды курстардан құрылғыға жүктей аласыз.
Бұл интернет байланысының тұрақтылығына қарамастан үйренуге мүмкіндік береді.
Желіге қосылған кезде сіздің жетістіктеріңіз автоматты түрде жаңартылады және синхрондалады.
Прогресс пен сертификаттарды қарау:
Қазіргі уақытта өтіп жатқан курстарды көру үшін “Үйрену”қойындысына өтіңіз.
Сертификаттарыңызды және оқу туралы басқа ақпаратты көру үшін “Профиль” қойындысына өтіңіз.
WhatsApp-қа (+7 708 8587250) жазу арқылы BMG UpSkill техникалық қолдау қызметіне хабарласуға болады. Өтініштердің көптігіне байланысты жеке сұрақтарды қарау біраз уақыт алуы мүмкін.
Сондай-ақ Coursera техникалық қолдауына хабарласуға болады. Coursera платформасында қолдау қызметіне қалай хат жазу керектігін келесі нұсқаудан көрсеңіз болады: https://youtu.be/dGy_J5z3rac
Қолдау қызметіне ағылшын тілінде жазған дұрыс.
1) «Coursera.org» сайтына кіріңіз
2) Жоғарғы оң жақ бұрыштағы аты-жөніңіздің үстіне басыңыз
3) «Үйренушілерге көмек көрсету» дегенді таңдаңыз
4) Іздеуде «How to contact Coursera» деп жазыңыз (https://www.coursera.support/s/article/360036160591-How-to-contact-Coursera?language=en_US)
5) Төменге жылжып, «Email»» бөлімін табыңыз
6) «Fill out our contact from» дегенді басыңыз.
Құрметті пайдаланушы, айтылған нұсқаулықты ұстанбай жеке аккаунтыңызбен кіріп, сертификат алған жағдайда, Coursera сізден сертификаттың құнын ұстап қалу қаупі бар. Бұл ақшаны, қайтару ықтималдығы аз. Сол себептен , өз ұйымыңыз арқылы оқу маңызды.